Ұсынылып отырған бағдарламада үйірме сабағының тақырыптары жас саяхатшыларға қажетті нақты білім мен дағдыларды меңгеруге, туған өлкесімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама қала мектептеріндегі 5-11 сыныптар арасындағы оқушыларға, яғни үйірмеде бірінші жыл оқитындарға есептелінген. Үйірмеге 5-ші сыныптан бастап кез-келген қалауы бар қала мектептерінің оқушылары жазыла алады. Үйірме тәрбиеленушілері жорықтарға қатысу үшін дәрігердің рұқсатын алу керек. Жазғы біркүндік-көпкүндік саяхат жасау алдында да медициналық тексерістен өтулері керек.
Үйірме сабағында жас туристер жорықтарда, саяхаттарда және экскурсияларда білуі керек:
- Саяхат жоспарын құрып, маршрутты өндіру керек;
- Бақылауларды белгілеп отыру;
- Жеңіл зертеулерді өткізу, жинақталған материалдарды өндіру;
- Ауа-райын бақылау және болжамдар жасау;
- Карта, компас және түрлі жергілікті заттармен бейтаныс жерді бағдарлай білу;
- Жүкпен жаяу өту, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсете білу;
- Шатырды орналастыру, алауды жағу, асты дайындау, қарапайым туристік құраладарды жасау.
Үйірме мақсаты – жасақтар (отряд) үшін туристтік ұйымдастырушыларды (нұсқаушыларды) мектептік слеттерді өткізу, туризм және жергілікті жерді бағдарлау бойынша көмекшілерді дайындау.
Жас туристер үйірмесінің сабағы көбіне тәжірибелік сипатта болады, аз ғана бөлігі дәріс және әңгіме формасында өткізіледі.
Үйірмеге қатысушылар елімізде өткізілетін көпшілік жорықтар мен экспедицияларға қатысуына болады.
Бағдарлама материалдарын меңгеру, практикалық дағдыларды өндіру және жорықтарға қатысу оқушыларға «Жас турист» белгісіне нормативтерді тапсыруға, сонымен қатар дәрежелік талаптарды орындауға мүмкіндік береді. Жорықтан соң сабақта жорық нәтижелері талқыланады, күнделік толтырылады, есеп беру құрылып, суретті фото-альбом рәсімделеді.
Сабаққа тақырыпты жалпы үйірме мақсатына, топтың дайындығына, маршруттың қиындығын мен ұзақтығына байланысты. Әдетте бір сабақтың жоспарына әртүрлі тақырыптар кіреді.
Үйірме сабағының бірінші айында ата-аналар жиналысын өткізген дұрыс, оларға үйірменің және жорықтың жоспары өткізу шаралары туралы, жас туристердің жеке құралдары туралы айту керек.
Әрбір үйірме тәрбиеленушілерінде қарапайым қарындаш пен қаламмен сабақта естілген барлық ақпарттар мен мәліметтер (түрлі нормативтер, шартты топографиялық белгірлер, құрал жабдық тізмі, азық-түлік жинағы т.б.), жорық немесе экскурсия туралы әсерлері жазылған жазу дәптері болуы керек.