Меню KDT
МЕНЮ

ЖАС ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗІШІЛІР

«Жас экскурсоводтар» үйірмесінің бағдарламасы бұл – мектеп оқушыларының қосымша білім беру бағдарламасының бірі. Бұл бағдарлама балалар мен үлкендерді туристік-өлкетану құралдарымен үзіліссіз білім беруді жүзеге асырудың бастапқы буыны болып табылады.

Туризм және өлкетану орта мектеп пен мектептен тыс мекемелерде жалпы оқу-тәрбиелік міндеттерімен тікелей байланысты дамиды. Экскурсиялық қызмет деп ғылыми негізде өткізілетін қандайда болмасын белгілі территорияны жан-жақты зерттеу деп түсінуге болады. Зерттеу обьектісі болып қаланың, ауданның, облыстың әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы; табиғи жағдайлар және т.б жатады. Бағдарлама әрбір үйірмеге қатысушы жалпы сипат бойынша мұражай ісінің теориясы мен тарихын білуді, мәдени-танымдық жұмыстарын, экспозициялық, жинақтық  жұмыстарды жүргізуші үшін икем мен дағдыларды игеруді қарастырады. Бағдарламада үлкен назар экскурсиялық дайындыққа аударылған. Мектепте экскурсиялық насихаттау мұражай экспозициясымен, ізденіс жұмыстарымен, басқа да сыныптан тыс іс-шаралар түрлерімен тығыз байланысты.

Бағдарлама және тақырыптық жоспар бір жылғы оқу жылы ішіндегі теориялық және практикалық сабақтарды өткізуді қарастырады. Жас экскурсоводтар үйірмесінің сабағы көбіне практикалық сипатта болып, аз ғана бөлігі дәріс түрінде өткізіледі.

«Жас экскурсоводтар» үйірме қызметінің мақсаты экскурсиялық қызмет саласында оқушылардың теориялық білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар экскурсияны өткізу және дайындау дағдыларын алу болып табылады.

Өлкетану туризммен, туған өлке бойынша саяхаттаумен, жорықтармен тығыз байланысты. Оқушылардың жас саяхаттаушыларға қажетті белгілі білім, икем, және дағдыларды игерумен байланысты. Бағдарламаның міндеті: кәсіптік білімді игеру,іскерлік ойындарды меңгеру,тест тапсырмаларын орындау.

Курс біткеннен кейін оқушылар өз беттерімен саяхат ұйымдастырады.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:

  • Саяхатты өткізу әдістемелері;
  • Саяхат нысандарын таңдап алу және көрсету;
  • Саяхат кәсіпорындарын ашу;
  • Саяхат қызметіндегі менеджмент;
  • Тарих пен мәдениет ескерткіштерін зерттеу;

Блок директора

Опрос

Статистика

  • Осы айда106
  • Осы аптада30
  • Кеше4
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Полезные ссылки