Меню KDT
МЕНЮ

ӨЛКЕТАНУШЫ-ТУРИСТЕР

Жас жеткіншіктерге білім мен сапалы тəлім-тəрбие беруде туристік-өлкетану үйірмесі мектептен тыс тəрбиелеудің бірден – бір көп тараған түрі. «Қазақстан- 2030» даму стратегиясының экономика секторында 7 басым бағыттарының бірі туризм делінген. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрлымын дамытуға баса көңіл бөлінген. Балалар туризмі ол – болашақ мамандар, ол – тарих пен өлкетану, ол – жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуы, ол- тəрбие құралы. «Өлкетанушы туристер» үйірмесінің бағдарламасының мақсаты: мектеп оқушыларының өзіндік дамуын, өзіндік ойлау қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық жəне интеллектуальдық мүмкіншілігін арқылы өзін-өзі тəрбиелеу қабілетін ашу. Азаматтық пен ұлтжандылыққа тəрбиелеу, туған өлкенің тарихи, мəдени, рухани мұраларын танып білуге, сақтауға тарту, туған жеріміздегі белгілі тарихи қайраткерлердің, əдебиетшілердің өмірлерін оқып-тану. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы құжаттарды іздестіру жəне жинастыру, ҚР тұратын халықтардың, ұлттардың салт- дəстүрін, мəдениетін оқу-білу. Бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты өмір салтына қалыптастыруды, туристік шеберлікті меңгерту жəне жетілдіруді көздейді.

Міндеті: Əлеуметтік-педагогикалық (азаматтық көзқарас қалыптастыру, «Кіші Отанына» деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға тəрбиелеу, өз өлкесінің тарихына деген жауапкершілік пен өзіндік қатысы арқылы мақтаныш түйсігін көбейту, мамандық таңдауға баулу (жазушы, зерттеуші, өлкетанушы, журналист т.б.)

Білімділік (өлке өмірімен байланысты жанұяның, қаланың, тарихи тұлғалар туралы білімін кеңейтуді қамтамасыз ету, іздестіру-зерттеу жұмысының негізін үйрену жəне өлкетанушы, журналист мамандықтарына баулуға үйрету, өзіндік қорытынды, түйін жасауға баулу) Танымдық (тарихи дерек көздерімен, мемурарлық, ғылыми-ақпараттық əдебиеттер мен баспа беттерімен жұмыс жасауды меңгеру);

Дамытушылық (туған өлке тарихын өз бетімен оқуға деген құлшынысын дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілетін өз бетінше іздестіру-зерттеу жұмысына үйрету арқылы туристік жұмыстардың дағдыларын игеру, архитектуралық жəне мəдени ескерткіштерді оқып-үйрену, туристік жорықтар мен жарыстарға қатысу арқылы шеберліктерін шыңдау) Бағдарлама ерекшелігі. Бағдарламаның туристік - өлкетану қызметі  туған өлке арқылы оқушыларға еліміздегі рухани байлығымызды білуге, Отанға деген сүйіспеншілікке тəрбиелеуге, қоршаған əлемді кең көлемде тануға мүмкіндік береді. Өлкетану адамдарды тек өзінің туған жерін оқытып ғана қоймай өзінің мəдени деңгейін көтеруге тарих, өнер, əдебиетке деген қызығушылығын көтеруге баулиды. Турист-өлкетану, экологиялық жорықтар, саяхаттар балаларды оқушыларды туған өлкенің тарихын оқып-зерттеу жəне іздестіру жұмыстарына тарту жұмыстары қамтылған «Жас өлкетанушы» үйірмесінің бағдарламасында Қазақстандық патриотизмге тəрбиелеуде, адамды рухани дамытудағы ең пəрменді бағыт екенін ескере модульдік технологияға негізделіп құрылған. Бұл бағдарламада өлкетану туралы терең қамтылған жəне танымдық білім береді. Жергілікті ресурстар кеңінен пайдаланылған: облыстық өлкетану музейі, қалалық кітапханалар, мəдени мекемеле мен тарихи орындар. Бағдарламаның практикалық бағыты оқушыларға тақырыпты терең меңгеруге бағытталған. Бағдарламадағы жұмыстарды орындай отырып сабақ бағдарламасынан бөлек қызғылықты деректер жинақтау, оқулықтағы жоқ хабарлар табу, оқу бағдарламасын толық жан-жақты қабылдауға мүмкіндік береді

Блок директора

Опрос

Статистика

  • Осы айда106
  • Осы аптада30
  • Кеше4
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Полезные ссылки