Меню KDT
МЕНЮ

ТУРИСТІК КӨПСАЙЫС

Туризм адам баласына денсаулығын нығайтуға, арнайы білім мен икем-дағдыларды игеруге,жеке тұлға ретінде қалыптасуына кең жол ашады. Туризмнің ерекше бағыттарының бірі-туристік көпсайыс. Бұл бағыттың қосымша білім беру жүйесінде алатын орны ерекше.

Бағдарламаның мақсаты-туристік көпсайыс сабағы үстінде балаларды тәрбиелеу, оқыту, сауықтыру, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына жағдай туғызу.

Бағдарлама келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

- арнайы туристік икем-дағдыларды қалыптастыру жолында білімді меңгерту;

- азаматтықа,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

- жан-жақты дене шынықтыру, мақсатты дене дайындығы;

- денсаулықты нығайту, салауатты өмір салты үрдісін қалыптастыру;

- оқушыларға туған өлкесі туралы түсінік беру, туристік көпсайыстың әдіс-тәсілдерін меңгерту, жергілікті жерді бағдарлау,алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін үйрету; Әр тараудың тәрбиелік және сауықтыру міндеттері бар.

Бағдарлама қосымша білім беру педагогтеріне,жалпы білім беретін мекеме ұстаздарына арналған.

Бірінші оқу жылында топ құрамы 10-15 адам, екінші оқу жылында 8-12 адам. Әр оқу жылының соңында оқу сағаттарының сыртында есепті көпкүндік жорықтар, слет, жарыс, жиын, жорықтар өткізу жоспарланады.

Бағдарлама спорттық туризмнің түрлері бойынша қалалық сайыстарда ерекше жетістіктерге жетіп жүрген     спортшылардың шеберліктерін одан әрі жетілдіруге, туристік көпсайыс бойынша Астана қаласының құрама командасын жасақтауға атап айтқанда:     

  • жарыс түрлерінің шеңберін кеңейтуге,спорттық жетілу 
  • сайысшылардың білім-біліктерін өрістетуге ұсынылады

Бағдарлама «Спорттық туризм: туристік көпсайыс» саласы бойынша үздіксіз дайындалып жүрген   балаларға қосымша білім беру бағдарламасын қамтиды және 15 жаспен одан жоғары (жалпы білім беретін мектертің 9-11 сынып, колледждің 1, 2 курс) жастағы тыңдаушыларға арналған. Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін туристік көпсайыс командасының құрамын тиісті мөлшерден 1,5 есе артық жағдайда жасақтау керек. Бұл жағдайда команда құрамын жынысына қарап бөлуді ескеру қажет. Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан республикалық деңгейдегі жарысқа 4 адам, оның кемдегенде біреуі қыз бала болуы шарт. Осыған орай құрама 6 спортсмен-саяхатшыдан кем болмайды. Оқу топтарының құрамы қолданыста жүрген типтік нормативке сәйкес жасақталуы тиіс

Блок директора

Опрос

Статистика

  • On month106
  • On week30
  • Yesterday4
  • Today1
  • Online:0

Полезные ссылки